Ескертпе: келесі бағдарламалық жасақтаманың пайдаланушылары соңғы нұсқаға жаңартуы керек болады.
- • Camera Control Pro 2 бағдарлама жасақтамасының 2.36.0 немесе одан кейінгі нұсқасы, IPTC Preset Manager бағдарлама жасақтамасының 1.3.0 немесе одан кейінгі нұсқасы, NX Studio бағдарлама жасақтамасының 1.4.0 немесе одан кейінгі нұсқасы, NX MobileAir бағдарлама жасақтамасының 1.2 немесе одан кейінгі нұсқасы (Android шығарылымы), NX Field бағдарлама жасақтамасының 1.4 немесе одан кейінгі нұсқасы
Ескертпе: төмендегі «Фотосурет түсіру», «Бейнефильм жазу», «Ойнату», «Басқару элементтері», «Дисплейлер» және «Желі (сондай-ақ NX Field)» бөлімдерінде тізілген өзгерістер туралы егжей-тегжейлі мәліметтер Қосымша бағдарлама жасақтамасының жаңартымының нұсқаулығы ішінде берілген.
■ Фотосурет түсіру
- • Фотосурет түсіру мәзіріне [Auto capture] (Автоматты түсіру) пәрмені қосылды. Пайдаланушылар [Motion] (Қозғалыс) (нысан қозғалып жатқан бағыт), [Distance] (Қашықтық) (нысанның фотокамерадан қаншалықты алыс екені) және [Subject detection] (Нысанды анықтау) (көрсетілген түрге жататын нысанның анықталуы немесе анықталмауы) түсіру критерийлерін таңдай алады, содан кейін фотокамера таңдалған критерийлерге сай нысандарды анықтағанда фотосуреттерді автоматты түрде түсіреді. [Distance] (Қашықтық) параметрі NIKKOR Z объективтерінде қолжетімді екенін және басқа объективтермен бірге пайдаланғанда күтілгендей жұмыс істемеуі мүмкін екенін ескеріңіз.
- • Жоғары жылдамдықпен кадрды түсірудің «Алдын ала суретке түсіру» кезеңінде суретке түсіруден бас тартпай тұрып фотокамераның кадрларды буферлеуді жалғастыруының уақыт ұзақтығы 30 секундтан 300 секундқа дейін арттырылды.
- • Фотосурет түсіру мәзірінде [Role played by card in Slot 2] (2-слоттағы карта ойнайтын рөл) > [JPEG Slot 1 - JPEG Slot 2] (JPEG 1-слот - JPEG 2-слот) үшін қолжетімді өлшем параметрлеріне [Large] (Үлкен) параметрі қосылды.
- • [Auto bracketing set] (Брекетингті автоматты орнату) үшін [AE & flash bracketing] (АЭ және жарқыл брекетингі), [AE bracketing] (АЭ брекетингі) немесе [Flash bracketing] (Жарқыл брекетингі) таңдалған кездегі автоматты брекетинг барысында пайдалану үшін жаңа брекетинг қадамдары қосылды. Сондай-ақ бұл өзгеріс [Interval timer shooting] (Аралықты реттейтін таймер арқылы суретке түсіру) > [Options] (Параметрлер) > [AE bracketing] (АЭ брекетингі) > [Increment] (Қадам) тармағына қолданылады.
■ Бейнефильм жазу
- • Бейнефильм жазу мәзіріне [Auto capture] (Автоматты түсіру) пәрмені қосылды. Пайдаланушылар [Motion] (Қозғалыс) (нысан қозғалып жатқан бағыт), [Distance] (Қашықтық) (нысанның фотокамерадан қаншалықты алыс екені) және [Subject detection] (Нысанды анықтау) (көрсетілген түрге жататын нысанның анықталуы немесе анықталмауы) түсіру критерийлерін таңдай алады, содан кейін фотокамера таңдалған критерийлерге сай нысандарды анықтағанда бейнефильмді автоматты түрде жазады. [Distance] (Қашықтық) параметрі NIKKOR Z объективтерінде қолжетімді екенін және басқа объективтермен бірге пайдаланғанда күтілгендей жұмыс істемеуі мүмкін екенін ескеріңіз.
- • N-Log бейнефильм жазу кезінде пайдалану үшін [ISO sensitivity settings] (ISO сезімалдық параметрлері) > [ISO sensitivity (mode M)] (ISO сезімалдық (M режимі)) тармағына төмен ISO сезімталдық параметрлері қосылды.
- • Жоғары ажыратымдылықта масштабтау үшін қолжетімді жылдамдықтардың ауқымы өзгертілді.
- • Баяу қозғалыспен бейнефильм жазу қосылды.
■ Ойнату
- • Ойнату «i» мәзіріндегі [Select for upload to computer] (Компьютерге жүктеп салу үшін таңдау) және [Select for upload (FTP)] (Жүктеп салу үшін таңдау (FTP)) элементтеріне өзгерістер енгізілді әрі [Select for priority upload to computer] (Компьютерге басымдықпен жүктеп салу үшін таңдау) және [Select for priority upload (FTP)] (Басымдықпен жүктеп салу үшін таңдау (FTP)) элементтері қосылды.
■ Басқару элементтері
- • Электр жетекті масштабтау объективтерінде электр жетекті масштабтау мүмкіндігін қолдау қосылды.
- • [CUSTOM SETTINGS MENU] (ҚОЛДАНУШЫ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ МӘЗІРІ) ішіне d6 орнында [Exposure delay mode] (Экспозицияны кешіктіру режимі) элементі қосылды.
- • Қолданушы басқару элементтеріне және [CUSTOM SETTINGS MENU] (ҚОЛДАНУШЫ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ МӘЗІРІ) ішіндегі келесі элементтер арқылы тағайындауға болатын рөлдерге қосылды. Сондай-ақ жаңа қалпына келтіру параметрлері қосылды.
- - f2[Custom controls (shooting)] (Қолданушы басқару элементтері (суретке түсіру))
- - f3[Custom controls (playback)] (Қолданушы басқару элементтері (ойнату))
- - g2[Custom controls] (Қолданушы басқару элементтері)
- Қазір f2 [Custom controls (shooting)] (Қолданушы басқару элементтері (суретке түсіру)) және g2 [Custom controls] (Қолданушы басқару элементтері) қолданушы параметрлері арқылы тағайындауға болатын рөлдердің арасында [Switch eyes] (Көздерді ауыстыру) бар. Бұл параметрді нысанның сол және оң көздерінің арасында фокусты ауыстыру үшін пайдалануға болады.
- f3 [Custom controls (playback)] (Қолданушы басқару элементтері (ойнату)) қолданушы параметріне арналған жаңа [Frame advance zoom position] (Кадрды ілгерілетудің масштабтау күйі) > [Prefer focus point] (Фокустау нүктесін жөн көру) рөлін ойнатуды масштабтау барысында басқару дискі арқылы суреттерді айналдыру кезінде әр сурет үшін белсенді фокустау нүктесінде дисплейді ортаға келтіру үшін пайдалануға болады.
[Prefer focus point] (Фокустау нүктесін жөн көру) мәнін f3 [Custom controls (playback)] (Қолданушы басқару элементтері (ойнату)) > [Main command dial] (Негізгі басқару дискі) немесе [Sub-command dial] (Қосымша басқару дискі) > [Frame advance zoom position] (Кадрды ілгерілету масштабтау күйі) үшін таңдаңыз.
- • [SETUP MENU] (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішіндегі [Non-CPU lens data] (Микропроцессормен жабдықталмаған объективтің деректері) тармағына жаңартулар енгізілді.
- • IPTC алдын-ала енгізілген мәндерінде «Category» («Санат») жазбалары үшін таңбалар лимиті арттырылды.
- • [SETUP MENU] (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішіндегі [Camera sounds] (Фотокамераның дыбыстары) элементінің құрылымы өзгертілді. Оған жаңа параметрлер, соның ішінде жаңа дыбыстар және электрондық ысырмаға арналған дыбыс деңгейін реттеу қосылды.
■ Дисплейлер
- • Қолмен реттелетін фокус барысында көрсетілетін фокустау қашықтығының индикаторына фокус пен қашықтық туралы ақпарат қосылды.
- • [SETUP MENU] (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде [Viewfinder display size] (Көріністапқыштың дисплей өлшемі) (бұрын [Finder display size (photo Lv)]) (Көріністапқыштың дисплей өлшемі (фотосурет Lv)) үшін таңдалған парамтер енді тек бейнефильм және ойнату режимдеріне қолданылады.
■ Желі (сондай-ақ NX Field)
- • [NETWORK MENU] (ЖЕЛІ МӘЗІРІ) ішіндегі [Connect to FTP server] (FTP серверіне қосылу) элементіне өзгерістер және қосымшалар енгізілді.
- • Фотокамераны синхрондалған босату үшін конфигурациялау кезінде пайдаланылатын процедура өзгертілді. Жасауға болатын топтардың саны жиырмаға дейін арттырылды. Ал әр топтағы негізгі фотокамерадан басқаруға болатын фотокамералардың саны он алтыға дейін арттырылды.
- • [NETWORK MENU] (ЖЕЛІ МӘЗІРІ) ішіндегі [Connect to other cameras] (Басқа фотокамераларға қосылу) астында [Overwrite copyright info] (Авторлық құқық туралы ақпаратты қайта жазу) қосылды.
■ Қолданбаға қатысты өзгерістер
NX MobileAir бар:
- • фотосурет режиміне арналған фотокамераның тікелей көрініс дисплейі енді NX MobileAir күйін көрсетеді және
- • жад картасына [Save/load menu settings] (Мәзір параметрлерін сақтау/жүктеу) арқылы сақталған фотокамера параметрлерін енді NX MobileAir арқылы смарт құрылғыға жүктеп алуға немесе смарт құрылғыдан фотокамераның жад картасына көшіруге болады.
■ Басқа өзгерістер
- • [AF subject detection options] (АФ нысанын анықтау параметрлері) үшін [Auto] (Автоматты), [People] (Адамдар), [Animal] (Жануар) немесе [Vehicle] (Көлік) мәні таңдалғанда және таңдалған түрге жататын нысан анықталмағанда, шағын, жылдам қозғалатын нысандар үшін [3D-tracking] (3D бақылау) дәлдігі жақсартылды.
- • Күңгірт, контрасты төмен нысандар үшін фокустау дәлдігі жақсартылды.
- • Төмен жылдамдықпен үздіксіз суретке түсіру режимінде жыпылықтауды анықтау бар фокустау құлпы жақсартылды.
- • Автофокустың жұмысына және оның сенімділігіне басқа жақсартулар енгізілді.
- • Портреттік фотосурет түсіру кезіндегі автоматты ақ түс балансының жұмысы жақсарды.
- • [Viewfinder brightness] (Көріністапқыштың жарықтығы) үшін [Auto] (Автоматты) мәні таңдалған кезде, кейде ойнату кезінде көріністапқыштың күңгірттенуіне әкелетін мәселе шешілді.
- • Енді контрасты жоғары орталарда немесе жұлдыздар жарығы көрінісі үшін жеткілікті күңгірт орталарда аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру кезінде бірінші түсірілімнен дұрыс экспозицияны алу оңайырақ.
- • Жұлдыздар жарығы көрінісі қосулы кезде гистограмма дисплейі енді қолжетімді емес.
- • Бейнефильмнің төмен тыйымдылығы туралы ескерту бір минуттан азырақ уақыт қалғанда қызыл фонда ақ түспен көрсетілетіндей өзгертілді. Енді ескерту жазу орындалып жатпағанда да көрсетіледі.
- • Енді пайдаланушылар орындалу барысының жолағын пайдаланып ойнату кезінде бейнелерді айналдыру кезінде дәлірек басқара алады.
- • Келесі мәселелер шешілді:
- - [Limit monitor mode selection] (Монитор режимін таңдауды шектеу) үшін [Prioritize viewfinder (1)] (Көріністапқышқа басымдық беру (1)) немесе [Prioritize viewfinder (2)] (Көріністапқышқа басымдық беру (2)) және [Release mode] (Суретке түсіру режимі) үшін жоғары жылдамдықпен кадрды түсіру таңдалған күйде күту режимінің таймері қайта белсендірілгенде фотокамера кейде жауап беруін тоқтататын.
- - NEF (RAW) өңдеу кезінде Picture Control параметрлеріне өзгерістер енгізілгенде, фотокамера кейде жауап беруді тоқтататын.
- - Қатарынан түсіру режимінде фотосурет түсіргенде, көріністапқыш сирек жағдайларда фокустау нүктесін дұрыс көрсетпейтін.
- - [Image size settings] (Кескін өлшемінің параметрлері) > [Enable DX image sizes] (DX кескін өлшемдерін қосу) үшін [ON] (ҚОСУЛЫ) мәні таңдалғанда DX пішімді объектив жалғанған болса, [Image size] (Кескін өлшемі) мәнін QUAL түймесін басу және қосымша басқару дискін айналдыру арқылы реттеу мүмкін болмайтын.
- - Суреттер жарқыл өшірулі кезде түсірілгеннен кейін кейде SB-800 жарқыл бөліктері жауап беруін тоқтататын.
- - [Off] (Өшірулі) дегеннен басқа параметр таңдалғанда, кейде [Vignette control] (Виньеттеуді басқару) виньеттеуді дұрыс басқармайтын.
- - Бейнефильм түсіру кезіндегі кадр жылдамдығы ретінде 100p немесе 120p параметрі таңдалғанда, пайдаланушылар Camera Control Pro 2 бағдарламалық жасақтамасында DX кескін аумағын таңдаудан кейін енді FX кескін аумағын таңдай алмайтын.
- - [CUSTOM SETTINGS MENU] (ҚОЛДАНУШЫ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ МӘЗІРІ) ішінде [Focus ring rotation range] (Фокустау сақинасын айналдыру ауқымы) үшін [Non-linear] (Сызықтық емес) дегеннен басқа параметр таңдалса, [CUSTOM SETTINGS MENU] (ҚОЛДАНУШЫ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ МӘЗІРІ) ішінде [Manual focus ring in AF mode] (АФ режиміндегі қолмен реттелетін фокустау сақинасы) үшін [Disable] (Өшіру) мәні таңдалғанда, фокусты әлі де фокустау сақинасын пайдаланып реттеуге болатын.
- - Тіпті [Bluetooth connection] (Bluetooth қосылымы) және [Upload while off] (Өшірулі кезде жүктеп салу) параметрлерінің екеуі де үшін [OFF] (ӨШІРУЛІ) күйі таңдалған болса да, [NETWORK MENU] (ЖЕЛІ МӘЗІРІ) ішінде [Connect to smart device] (Смарт құрылғыға қосылу) > [Wi-Fi connection] (Wi-Fi қосылымы) үшін [ON] (ҚОСУЛЫ) күйі таңдалған болса, фотокамера өшірулі кезде батарея тезірек таусылатын.
- - Неміс және корей тілдеріндегі мәзірлерде және анықтама мәтінінде қателер болатын.
|