Құрылғыңыз бұл жүктеп алу қызметін қолдамағанымен, оны жүктеп алу туралы ақпаратты көру үшін пайдалануға болады. Жүктеп алуларға сілтемелер компьютерде жүктеп алу үшін электрондық пошта арқылы жіберіледі.
NIKKOR Z 180-600mm f/5.6-6.3 VR бағдарлама жасақтамасы
Операциялық жүйені таңдаңыз.
Бұл бағдарламалық жасақтаманың жаңартымы бағдарламасы жоғарыда көрсетілген тұтынушы өніміне («әсер етілетін өнім») арналған және тек төменде көрсетілген келісімді қабылдағанда ғана қамтамасыз етіледі. «Қабылдау» жауабын таңдасаңыз және «Жүктеу» түймесін бассаңыз, сіз келісімнің шарттарын және талаптарын қабылдадыңыз деп есептеледі. Жүктеуді бастау алдында келісімнің шарттарын түсінетініңізге көз жеткізіңіз.
-
- • Бұл қызмет NIKKOR Z 180-600mm f/5.6-6.3 VR объективтерінің бағдарлама жасақтамасын 1.01 нұсқасына жаңарту үшін пайдалануға болатын бағдарламалық жасақтаманы қамтамасыз етеді. Жоғарыда көрсетілген бағдарлама жасақтамасы орнатылып қойылған болса, бұл жаңартуды жүктеу немесе орнату қажет емес.
- • Бұл бағдарлама жасақтамасының жаңартымы NIKKOR Z 180-600mm f/5.6-6.3 VR объективі фотокамераға жалғанған күйде орындалады. Үйлесімді фотокамералар тізімін «Үйлесімді фотокамералар» бөлімінде қараңыз.
- • Бағдарлама жасақтамасын жаңарту кезінде, NIKKOR Z 180-600mm f/5.6-6.3 VR объективін тікелей фотокамераға бекітіңіз; телескопиялық түрлендіргішті жалғамаңыз.
- • Жаңартуды орындау үшін фотокамерада пайдаланылатын жад картасы және үйлесімді жад картасын оқу құралы қажет болады.
- • Жалғастыру алдында төмендегі ақпаратты оқыңыз.
|
- Үйлесімді фотокамералар
-
Келесі фотокамераларды NIKKOR Z 180-600mm f/5.6-6.3 VR объективтерінің бағдарлама жасақтамасын жаңарту үшін пайдалануға болады:
- • Z сериялы фотокамералар
Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.
|
- Бағдарлама жасақтамасының 1.00 нұсқасынан 1.01 нұсқасына өзгертеді
-
- • Төмен температуралы ортада фокустық қашықтық шамамен 400 мм - 600 мм болғанда, шексіздік фокустау қашықтығында фокустың дәл емес болуы мүмкін болатын мәселе шешілді.
|
- Объективтің бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көру
-
- Фотокамераға NIKKOR Z 180-600mm f/5.6-6.3 VR объективін жалғап, фотокамераны қосыңыз.
- Фотокамераның және объективтің бағдарлама жасақтамасының нұсқаларын көрсету үшін фотокамераның MENU (МӘЗІР) түймешігін басып, [SETUP MENU] (БАПТАУ МӘЗІРІ) > [Firmware version] (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз.
- Бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз.
- Фотокамераны өшіріңіз.
- Өнім сипаттамасы
-
Аты |
NIKKOR Z 180-600mm f/5.6-6.3 VR бағдарлама жасақтамасының 1.01 нұсқасы |
Қолдау көрсетілетін объективтер |
NIKKOR Z 180-600mm f/5.6-6.3 VR |
Қолдау көрсетілетін объективтің бағдарлама жасақтамасының нұсқалары |
1.00 нұсқасы |
Файл атауы |
MLZ180_600F56_63VR0101.bin |
Авторлық құқық |
Nikon корпорациясы |
Көшіру |
Рұқсат етілмеген |
- Объективтің бағдарлама жасақтамасын жаңарту
-
- Компьютеріңізге келесі бағдарлама жасақтамасы файлын жүктеп алыңыз.
Компьютеріңізге бағдарлама жасақтамасын жүктеп алғаныңызды тексеріңіз.
• MLZ180_600F56_63VR0101.bin (объективтің бағдарлама жасақтамасы)
- Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып, «MLZ180_600F56_63VR0101.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
Ескертпе: бағдарлама жасақтамасын жад картасының түбірлік (ең жоғарғы) каталогына көшіруді ұмытпаңыз. Түбірлік каталог астындағы қалтаға орналастырылған болса, фотокамера жаңа бағдарлама жасақтамасын танымайды.
- Жад картасын фотокамераға салып, фотокамераны қосыңыз.
- Бағдарлама жасақтамасының жаңартымын орындау үшін [SETUP MENU] (БАПТАУ МӘЗІРІ) > [Firmware version] (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
- Жаңарту аяқталғанын хабарлайтын хабар көрсетілгенде фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
- Фотокамера қосып, бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.
Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.
|
Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі