Қазақ

Құрылғыңыз бұл жүктеп алу қызметін қолдамағанымен, оны жүктеп алу туралы ақпаратты көру үшін пайдалануға болады. Жүктеп алуларға сілтемелер компьютерде жүктеп алу үшін электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Z6III бағдарлама жасақтамасы

Операциялық жүйені таңдаңыз.

  • Windows
  • Mac OS

Бұл бағдарламалық жасақтаманың жаңартымы бағдарламасы жоғарыда көрсетілген тұтынушы өніміне («әсер етілетін өнім») арналған және тек төменде көрсетілген келісімді қабылдағанда ғана қамтамасыз етіледі. «Қабылдау» жауабын таңдасаңыз және «Жүктеу» түймесін бассаңыз, сіз келісімнің шарттарын және талаптарын қабылдадыңыз деп есептеледі. Жүктеуді бастау алдында келісімнің шарттарын түсінетініңізге көз жеткізіңіз.

  • • Бұл қызмет Z6III фотокамерасының «C» бағдарлама жасақтамасын 1.02 нұсқасына жаңарту үшін пайдалануға болатын бағдарламалық жасақтаманы қамтамасыз етеді. Жалғастыру алдында фотокамераның [SETUP MENU] (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде [Firmware version] (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдап, фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын қараңыз. Жоғарыда көрсетілген бағдарлама жасақтамасы орнатылып қойған болса, бұл жаңартуды жүктеу немесе орнату қажет емес.
  • • Бұл жаңарту алдыңғы жаңартуларда жасалған барлық өзгертулерді қамтиды.
  • • Бағдарлама жасақтамасының жаңартымы үшін карта оқу құралы мен компьютер қажет.
  • • Жалғастыру алдында төмендегі ақпаратты оқыңыз.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.01 дегеннен 1.02 дегенге өзгертеді
  • • Келесі мәселелер шешілді:
    • - Фотокамера кейбір CFexpress жад карталарында бейнелерді дұрыс жазбайтын.
    • - Ethernet арқылы суреттерді жүктеп салу қатемен сәтсіз аяқталатын.
Алдыңғы нұсқалардан бергі өзгертулер
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.00 дегеннен 1.01 дегенге өзгертеді
  • • Nikon Imaging Cloud қызметі енді Қытайдың құрлықтық бөлігінде қолжетімді.
Фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көру
  1. Фотокамераны қосыңыз.
  2. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көрсету үшін фотокамераның MENU түймешігін басыңыз және [SETUP MENU] (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде [Firmware version] (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз.
  3. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз.
  4. Фотокамераны өшіріңіз.
Өнім сипаттамасы
Аты Z6III «C» бағдарлама жасақтамасының 1.02 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін фотокамералар Z6III
Қолдау көрсетілетін фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқалары «C» бағдарлама жасақтамасының 1.00–1.01 нұсқалары
Файл атауы Z6_3_0102.bin
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Көшіру Рұқсат етілмеген
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. Компьютеріңізге келесі бағдарлама жасақтамасы файлын жүктеп алыңыз.
    Компьютеріңізге бағдарлама жасақтамасын жүктеп алғаныңызды тексеріңіз.
    • Z6_3_0102.bin (фотокамераның бағдарлама жасақтамасы)
  2. Жад картасын оқу құралын пайдаланып «Z6_3_0102.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
    Ескертпе: бағдарлама жасақтамасын жад картасының түбірлік (ең жоғарғы) каталогына көшіруді ұмытпаңыз. Түбірлік каталог астындағы қалтаға орналастырылған болса, фотокамера жаңа бағдарлама жасақтамасын танымайды.
  3. Жад картасын қазіргі уақытта негізгі ұяшық ретінде таңдалған фотокамера ұяшығына салып, фотокамераны қосыңыз.
  4. [SETUP MENU] (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде [Firmware version] (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартылуын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  5. Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
  6. Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Ескертпе: фотокамераның NVM Express драйверінде қамтылған бастапқы коды ашық бағдарламалық жасақтаманың лицензиясын «BSD License (NVM Express Driver)» құжатынан қараңыз.

Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі

PDF файлдарын тегін Adobe® Reader® бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып көруге болады.
Adobe® Reader® бағдарламасын жүктеңіз.